SocialБасты

Малайзияда Абай атындағы қазақ әдебиеті және мәдениеті орталығы ашылды

Қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өту аясында 2020 жылғы 13 қазанда Куала-Лумпур қ. Малайзия Ұлттық кітапханасы шеңберінде Абай атындағы қазақ әдебиеті және мәдениеті орталығы ашылды, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

Абай орталығының мақсаты – шетелдік аудиторияны Қазақстанның бай әдеби, тарихи және мәдени мұрасымен таныстыру. Іс-шара аясында, сондай-ақ, Малайзиядағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің пысықтауымен алғаш рет малай тіліне аударылып және басылған Абайдың «Қара сөздер» кітабінің тұсаукесері өтті. Орталыққа басқа да қазақ әдебиетінің кітаптары мен шығармалары және ұлттық музыкалық аспап – домбыра сыйға тартылды.

Абай атындағы Қазақ әдебиеті мен мәдениеті орталығының ашылу рәсімінде Малайзия Ұлттық кітапханасының Бас директоры М.Исмаил және ҚР Елшісі Б.Иманбаев өз құттықтау сөздерінде Орталықтың бірегейлігін және оның екіжақты ынтымақтастықты нығайтудағы, халықтар жақындасуындағы және Қазақстан мен Малайзия арасындағы мәдени алмасудағы маңыздылығын атап өтті.

Орталықтың ашылу рәсімі аясында, тараптар елдегі шектеу шаралары аяқталғаннан кейін, Абай орталығы базасында тұрақты түрде түрлі бірлескен көрмелер мен мәдени іс-шаралар өткізуге қол жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button