TechБасты

«Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз МС-17» және «Союз-2.1 а» зымыранын ұшыру сәтті жүзеге асырылды

2020 жылғы 14 қазанда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 11 сағат 45 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз МС-17» басқарылатын жүк кемесімен «Союз-2.1 а» тасымалдағыш зымыраны ұшырылды, деп хабарлайды Jana-kezen.kz Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұшырылым «Байқоңыр» ғарыш айлағының 31 алаңынан штаттық режимде өтті.

Экипаж құрамында Роскосмостың ғарышкерлері Сергей Рыжиков, Сергей куд-Сверчков және NASA астронавты Кэтлин Рубинс бар.

Экипаж ғылыми зерттеулер бағдарламасын орындауды, борттық фото-, бейнетүсірілім жүргізуді жоспарлап отыр.

 «Союз МС-17» басқарылатын жүк кемесін ұшыру Халықаралық ғарыш станциясының ұшу бағдарламасына сәйкес жоспарланған.

«Союз МС-17» кемесін халықаралық ғарыш стансасына жақындату екі айналымдық схема бойынша жүргізілетін болады.

 «Союз МС» басқарылатын жүк кемесінің әзірлеушісі:  «Энергия» зымыран-ғарыш корпорациясы.

«Союз-МС» – «Союз ТМА-М» ғарыш кемесінің жаңа жаңғыртылған нұсқасы. Жаңарту басқарылатын ғарыш аппараттарының барлық жүйелеріне әсер етті. Жаңартылған ғарыш кемесін сынау кезеңі 2015 жылы өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button