Басты

Қазақстан бірнеше елмен арадағы әуе рейстерін қысқартпақ

Қазақстан бірнеше елмен әуе байланысын қысқартпақ. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов мәлім етті, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

«Тиісті жоспар бар және оны таяуда жүзеге асырамыз. Осы орайда бірнеше бағыт бойынша әуе рейстерін қысқарту ескерілген. Бұл тұрғыда Украина, Германия, Беларусь, сондай-ақ БАӘ қамтылмақ. Сонымен қатар бұған дейін Түркиямен арадағы рейстерді қысқарту туралы жариялаған едік», – деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button