Басты

Алматыда 7 оқушыдан коронавирус анықталды

Алматыда қыркүйек айында мектеп оқушылары арасында коронавирустың 7 жағдайы тіркелді. Бұл туралы Алматы қаласының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшиннің мәлімдемесінде айтылды, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

«Олардың барлығы қашықтан оқыту кезінде ауруға шалдыққан. Балалар бір-бірімен тікелей қатынаста болғандығы анықталды. Эпидемиологиялық тергеу нәтижесінде 4 оқушының инфекцияны ауру туыстарынан жұқтырғаны анықталды. 2 оқушы медициналық мекемелерге ЖРВИ белгілерімен барған кезде анықталды. 1 оқушы – бронх демікпесінен санаторий-курорттық емделу алдында профилактикалық тексеруден өтер кезде табылды», – делінген мәлімдемеде.

Ал, мектепке дейінгі балалар арасында коронавирус ауруы болған жоқ.

Мектеп оқушылары мен Алматы қаласы тұрғындары арасында коронавирустың таралуын болдырмау үшін мектеп оқушылары үшін қашықтықтан оқыту форматы енгізілді. Сонымен қатар ата-аналары қадағалауға мүмкіндігі жоқ балалар үшін 178 мектепте 11942 оқушыға арналған 917 кезекші сынып ашылды. Мұнда барлық профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып білім алуға жағдай жасалды (9,8% бастауыш сынып оқушылары).

Сондай-ақ, оқушылар саны аз 10 мектеп пен 8 мектеп-интернат қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Оқу басталғанға дейін арнайы мобильдік топтар білім беру объектілеріне дайындық актілері берілді. Тексерулер кезінде анықталған карантиндік режимнің бұзылуымен байланысты кемшіліктер, сабақ басталғанға дейін жойылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button