«Қазгидромет» 5-7 қазан аралығында күтілетін ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды jana-kezen.kz
Синоптиктердің хабарлауынша, таңертең және күндіз 5 қазанда Қызылорда облысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады. Түнде және таңертең 5 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан, жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
5-7 қазанда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсуі ықтимал. Күндіз 5, тәулік бойы 6-7қазанда кей жерлерде солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертең 5-7 қазанда кей жерлерде 3 градус үсік сақталады.
Тараз қаласында түнде және таңертең 7 қазанда 1-3 градус үсік күтіледі. 4 қазанда күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.
5-6 қазанда Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады, кей жерлерде жаңбыр соңы қарға ұласады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с болады деп күтілуде.