EducationБасты

«Қазақмыс» корпорациясы балқаштық мектеп оқушыларына 300 жуық ноутбук сыйлады

«Қазақмыс» корпорациясы балқаштық мектеп оқушыларына 300 жуық ноутбук және шамамен 60 роутер сыйлады. Балаларға техника өтеусіз негізде берілді, себебі бірінші тоқсанда олар қашықтықтан оқитын болады, Jana-kezen.kz

Қаланың 13 мектебінің әлеуметтік осал отбасыларының балалары гаджеттер алды.

– Компания басшылығымен шешім қабылданып, 281 ноутбук және 58 роутер сатып алынды. Олар Балқаштың 13 мектебіне берілді. Біз көмек уақытылы көрсетілді деп санаймыз. Біздің балалар енді қашықтықтан оқи алады, – деп «Казахмыс Смэлтинг» ЖШС техникалық директоры  Гулам Камирдинов атап өтті.

Компания мұндай сыйлықтарды Жезқазған және Сәтбаев мектеп оқушыларына да жасады. Ұйым жалпы 922 ноутбук және 201 роутер сатып алды. Бұған 190 млн теңге бөлінді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button