Басты
Атыраудағы оқушылар мен жастар сарайына Абай есімі беріледі
Қазақтың ұлы ақыны Абайдың есімі Атырауда бой көтерген оқушылар мен жастар сарайына беріледі, деп хабарлайды Jana-kezen.kz
Облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың айтуынша, бұған дейін дана Абайдың есімі 5 мектеп пен 28 көшеге берілген.
«Енді биылғы 175 жылдық мерейтойы аясында ақын есімін оқушылар мен жастар сарайына беру ұсынылып отыр. Аталған сарайдың алдына дара ойшылдың ескерткішін орнату жоспарда бар» -деді облыстық мәслихаттың сессиясында облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.