Ақсу ферроқорытпа зауытында жаңадан экологиялық қауіпсіз нысан салынды
ERG (Еуразиялық Топ) құрамындағы «Қазхром «ТҰК» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауыты күл қалдықтарын жинақтағыштың екінші секциясының құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Jana-kezen.kz
Бұл күрделі заманауи гидравликалық құрылым кәсіпорынның газ өңдеу кешендеріне түсетін қалдық пен шаңды жинауға және оны қауіпсіз сақтауға арналған. Құрылыс қоршаған ортаны қорғаудың инновациялық әдістерін қолдана отырып жүргізілген.
58 гектардан асатын үлкен қазаңшұңқыр үш миллион текше метрден астам шаңды қабылдай алады. Қолданыстағы барлық экологиялық талаптарға сай, күл қалдықтарын жинақтағыш жылыстауға қарсы екі пердемен жабдықталған – «топырақ қабырғасы», яғни жиналған қалдықтардың экологиялық әсерін толығымен жоюға мүмкіндік беретін кәрізді ұстап тұру мен көлге қайта құю жүйесі.
– Қоршаған ортаны қорғау – қашанда біздің негізгі басымдығымыз, – деді Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры Сергей Прокопьев. – Күл қалдықтарын жинағышты салу кезінде біз өндірістік қалдықтарды қауіпсіз сақтаудың барлық озық тәжірибелерін қолдандық. 29 су жібергіштен тұратын жүйе жағажайлардың пайда болуын және ауада шаңды болдырмауға, жағажайлардағы шөгінділерді біркелкі таратуға мүмкіндік береді. Құрылыс үнемі бақылауда.
Жинақтағыш күйін бақылау үшін бақылау саңылаулары мен пьезометрлер қарастырылған. Қабаттар деңгейі жинақтағыш шарасында орнатылған шандорлық құдық көмегімен бақыланады. Зауыт мамандарынан басқа, кәсіпорынның қалдық жинағыштарын мемлекеттік қадағаулар органдары үнемі назарда ұстап отырады. Тексерулердің нәтижелері зауыттың гидротехникалық құрылыстарының тұрғындар мен қоршаған орта үшін қауіпсіз екенін растаған.
Қазір жаңа жинақтағыш суға толтырылуда. Құрылымды жобалау кезінде құнды табиғи ресурс болып табылатын су бірдей өндірістік циклде бірнеше рет пайдаланылатын кәсіпорында суды пайдаланудың мүлдем жабық жүйесі ескерілді. Бұл ағынды сулар мен басқа сулардың табиғи су объектілеріне ағызылуына жол бермейді. Соның ішінде жаңа күл жинағышқа түсетін қойыртпақ орнайды, содан кейін тазартылған су зауыттың жабық техникалық сумен жабдықтау жүйесіне қайта жіберіледі.
Жобаны заманауи гидравликалық жүйелер мен құрылымдарды әзірлеуге мамандандырылған және осы бағытта мол тәжірибесі бар Ақсу ферроқорытпа зауыты мамандары мен мердігер ұйым және Қарағанды «КазНИПИЭнергопром» АҚ институты бірлесіп жүзеге асырған. Күл жинақтағыш салуға 2 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалған.