Қазақстанда әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын кешенді трансформациялау жүргізілуде

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов Үкімет отырысында қорды кешенді трансформациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы
Ол бүгінде барлық бизнес-үдерістерді түбегейлі қайта құру, оларды автоматтандыру, олардың тиімділігін арттыру жүргізіліп жатқанын атап өтті.
«Қорды трансформациялау мақсаттары субъективизмге қарсы цифрлық тосқауыл жасауға бағытталған. Біріншіден, біз қатаң көп сатылы бақылауды енгізу арқылы қызметкерлердің жеке шешім қабылдау мүмкіндігін болдырмауға тырысамыз. Екіншіден, шешімдерді топ болып дербес есептіліксіз қабылдайтын алқалық жауапсыздық қағидатын барынша азайту қажет», — деп атап өтті Айдын Құлсейітов.
Спикер басты міндет – қабылданған барлық шешімдердің дұрыстығын, әсіресе медициналық қызметтерді бөлу және сатып алу кезінде процестің толық ашықтығына кепілдік беру арқылы түпкілікті бақылау мүмкіндігін енгізу екенін атап өтті.
Бұл шаралар барлық деңгейдегі жеке-дара шешім тәуекелін азайтуға және Қор жұмысының тиімділігін арттыруға арналған.