Басты

Алдағы 3 күнде ел аумағында ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК 25-27 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Jana-kezen.kz

«Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де биік циклонның ықпалында болады, онымен жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Тек республиканың батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қазақстан бойынша кей жерлерде найзағай, тұман, дауыл күтіледі, жел 15-25 м/с күшейеді, бұршақ түсуі мүмкін. Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерін қоспағанда, көптеген өңірлерде ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі, онда күндізгі температураның 20-25-ке дейін, кей жерлерде 28-ге дейін төмендеуі болжанады», – делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button