Басты

Биыл Атырау облысына 50-ге жуық этникалық қазақ көшіп келген

Атырау облысына биыл шет мемлекеттерден 47 мүшесі бар 35 отбасы көшіп келген. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолла мәлім етті, деп хабарлайды Jana-kezen.kz өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Серік Қамидолланың мәліметінше, мұнайлы өңірге қоныс аударған этникалық қазақтардың басым көпшілігі Өзбекстан Республикасынан келген. Бұл елден атажұртқа жеткен 25 отбасында 35 адам бар.

Ал, Қытай Халық Республикасынан – 8 отбасымен 10 адам, Украина Республикасынан – 2 отбасымен 2 адам келген.

«Елге келген қандастардың оралман мәртебесін беру туралы өтініші халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы түсті. Құжаттары қаралып, оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылданды. Қазір олардың бәрі облыстағы қала мен аудандарға орналасқан», – деді Серік Қамидолла.

Басқа жаңалықтар

Back to top button