Басты

Көлік тізгінінде отырып Instagram-ға Stories түсірген әйел жауапкершілікке тартылды

Әлеуметтік желілерге мониторинг жасаған елордалық полицейлер жол қозғалысының ережесін бұзу фактісін анықтады, деп хабарлайды  Polisia.kz порталы.

Қауіпсіздік белдігін тақпаған әйел қалта телефонын пайдаланып өзінің Instagram-парақшасына Stories түсірген.

Тәртіп бұзған әйел ҚР ӘҚБ Кодексінің 593 және 591-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті көлік жүргізушілерге жол қозғалысының ережелері мен жылдамдық тәртібін қатаң сақтау керек екендігін ескертеді. Бұл жүргізушілердің өзімен қатар, жолаушылар мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін маңызды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button