Білім және ғылым министрлігі білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштерді тапсыру мерзімі 30 шілдеге дейін ұзартылғанын жариялады, деп хабарлайдыJ Jana-kezen.kz
Бұл шешімді Білім министрлігі талапкерлердің өтініштері бойынша қабылдап отыр.
«Грантқа құжаттарды 2 жолмен тапсыруға болады: eGov арқылы (бейне-нұсқаулықтар парақшамызда көрсетілген) және ЖОО-ның виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы (талапкерлердің бейне өтініші бойынша ЖОО-лардың виртуалды қабылдау комиссияларының қызметкерлері оқуға түсушімен бірге өтінішті толтырады, барлық сұрақтарға жауап береді және қажетті білім беру бағдарламасын таңдауға көмектеседі)», – деп хабарлайды министрліктен.
Конкурстың нәтижелері 15 тамызға дейін белгілі болады.