TechБасты

«Ашық Үкімет» порталының жаңа нұсқасын әзірлеу қажет- Аида Балаева

«Ашық Үкімет» порталдарының барлығы ескірген. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

«Ашық Үкімет» порталдарының қазіргі қолданыстағы сәулетінің моральдық тұрғыда ескіруі келесі проблема сияқты. «Ашық бюджеттер» порталын Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерімен ықпалдастыру процесінде қиындықтар туындауда. Қаржы министрлігі де, мемлекеттік жоспарлау да проблеманың бар екендігін кезекті мәрте көрсетіп отыр«, – деді министр Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында.

Осыған орай ол аталған порталдарды қайта қарау қажеттігін атап өтті.

«Сондықтан сәулетін қайта қарап, «Ашық Үкімет» барлық порталдарының жаңа нұсқасын әзірлеу қажет. Біз тиісті министрлікке нақты сұраныс жібердік. Меніңше, ол жақта жақсы шешім қабылдып, бұл сауалдарға оңтайлы жауап болады», – деді Аида Балаева.

Айта кетейік, онлайн форматта өткен Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында мүмкіндігі шектеулі адамдардың ақпаратқа қол жеткізу мәселелері, мемлекеттік органдардың ашықтық деңгейін жыл сайынғы бағалаудың негізгі қорытындылары, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай тұғырнамасының жұмысы, сондай-ақ «Ашық бюджеттер» порталын жетілдіру бойынша жұмыс жоспарының орындалуы талқыланды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button