EcoБасты

Қазақстанда таяу күндері 35 градус аяз болады

Қазақстанда 30 қаңтардан 1 ақпанға дейін 35 градусқа дейін аяз болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«Алдағы үш күнде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда түнде 25…30°С, кей жерлерде 35°С аяз болады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде 5…10°С, кей жерлерде 13…22°С аяз болуы ықтимал.

Ал, батыс өңірлерге жылы атмосфералық ауа ағындары ауысып, жаңбыр, қар аралас жаңбыр жауады және ауа температурасы бірден көтеріледі», – делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button