Social

Алматы облысында медициналық ұйымдарға 70 жаңа жедел жәрдем көлігі табысталды

Алматы облысының медициналық ұйымдарына 70 санитариялық жедел жәрдем автокөлігі берілді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Жедел медициналық жәрдем станциясына арналған жаңа автокөліктер лизинг шарттары негізінде сатып алынды.

Тапсырылған 70 автокөліктің 30-ы «С» санатына (реанимобильдер), ал 40-ы «В» санатына жатады. Барлығы заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған және шұғыл медициналық көмек көрсетуге толық бейімделген.

Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде өткен жылы өңірде жалпы құны 8,3 млрд теңгені құрайтын 38 медициналық нысан пайдалануға берілді.

Олардың қатарында 15 дәрігерлік амбулатория, 12 фельдшерлік-акушерлік пункт және 11 медициналық пункт бар. Сонымен қатар медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға 6 млрд теңгеден астам қаражат бөлініп, оған 347 бірлік заманауи медициналық жабдық сатып алынды. Нәтижесінде облыстың медициналық мекемелерінің жарақтандырылу деңгейі 93 пайызға жетті.

Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шара барысында санитариялық автокөліктердің кілттерін облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев табыстады. Сондай-ақ ол халық денсаулығын сақтауға, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға қосқан елеулі үлесі үшін медицина қызметкерлерін марапаттады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button