Politics

Үкіметте құрылыс қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалуы қаралды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов құрылыс жұмыстарының сапасына арнайы тоқталды,  деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында құрылыс қарқыны қауіпсіздік пен сапаға кесірін тигізбеуі керек екенін атап өтті.

Өткен жылы құрылыстың сапасына қатысты ресми түрде 63 мыңнан астам шағым келіп түскен. Жаңа Құрылыс кодексі осындай олқылықтардың алдын алуға бағытталып отыр. Ол ескірген нормалардан халықаралық стандарттарға, цифрлық және автоматтандырылған технологияларға көшу арқылы бүкіл саланы жүйелі түрде жаңартуды қамтамасыз етеді, — деп атап өтті Премьер-министр.

Мемлекеттік бақылау күшейтілді. Тексеруші органдарға жаңа құралдар, оның ішінде цифрлық технологиялардың кең ауқымы ұсынылды.

Нысандарды қабылдап алу кезінде құрылысты бақылау органдары мен төтенше жағдайлар қызметтерінің міндетті түрде қатысу тетігі енгізілді. Бұл апаттар мен өрт қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Үлестік құрылыс саласында талаптар қатаңдатылды. Мемлекеттің тиісті рұқсаты мен кепілдігі болмаса, құрылыс компаниялары үлескерлердің қаражатын тарта алмайды, ал банктер ипотека бермейді.

Құжатта сейсмикалық қауіпсіздік талаптарын күшейтуге баса назар аударылған.

Сондай-ақ ретсіз және заңсыз құрылыстардың алдын алу, сондай-ақ мектептер мен ауруханалардың тапшылығы сияқты жағдайларды болдырмау үшін түбегейлі жоспарлау жобаларын түзетуге бақылау барынша күшейтілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button