Өңірлердегі спорттық интернаттар мен стадиондар мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы салынатын болады

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыс орталықтарында демеушілердің қаражаты есебінен жаңа футбол стадиондарының құрылысы және қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Үкімет отырысында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.
Оның айтуынша Қызылорда қаласында 11 мың көрерменге арналған, УЕФА талаптарына сай, заманауи жабыны бар стадион пайдалануға берілді. Астанада 3 600 орындық стадионның құрылысы жүріп жатыр. Оны аяқтау 2026 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған.
Бұқаралық футболға ерекше назар аударылды:елімізде 7 432 футбол алаңы бар, оның 1 420-сы жөндеуді қажет етеді. Осыған байланысты жергілікті бюджет пен жеке инвестициялар есебінен 685 жоба іске асуда.
Сондай-ақ спорт мектеп-интернаттарын ашу жұмыстары жүргізілуде. Алматы облысының, сондай-ақ Ұлытау, Абай, Астана және Шымкент қалаларының басшыларына Атырау облысының үлгісі бойынша МЖӘ тетіктерін пайдалана отырып жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін пысықтау ұсынылды.



