Social

Алматыда жалған таныстық арқылы жасалған тонау әшкереленді

Алматы қаласында полицейлер желіде танысу тізбегі бойынша жасалған тағы бір тонау қылмысын әшкереледі

Танысу сайттарының бірінде қызбен танысқан ер адам қылмыстың құрбаны болды. Қысқа әңгімелесуден кейін олар жалдамалы пәтерде кездесуге келіседі, деп хабарлайды ҚР Iшкi iстер министрлігі.

Алайда кездесудің ортасында пәтерге өзін қыздың «ағалары» ретінде таныстырған үш ер адам кіріп келіп, оның кәмелетке толмағанын айтып, жәбірленушіден ақша талап еткен. Сондай-ақ олар оның телефоны мен басқа да заттарын тартып алған. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар барлық адамдарды анықтап, ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

– Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Азаматтарды интернет арқылы танысу кезінде барынша сақ болуға, күмәнді орындарда кездесуден бас тартуға және тек хат-хабар арқылы ғана таныс адамдарға сенбеуге шақырамыз», – деді Алматы қаласы Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Тимур Иманбеков.

Басқа жаңалықтар

Back to top button