Agro

Қазақстанда 9,5 млн тоннаға жуық астық бастырылды

Еліміздің өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасуда

Бүгінгі күні дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың 6,7 млн гектары жиналды, бұл жалпы егіс алқабының 41,8%-ын құрайды. Шамамен 9,5 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

«Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 268,3 мың тонна майлы дақыл, гектарынан 236,3 центнер өнімділікпен 1 млн тоннадан астам картоп, гектарынан 276,2 центнер өнімділікпен 2,4 млн тоннаға жуық көкөніс, сондай-ақ гектарынан 274,6 центнер өнімділікпен 2,2 млн тоннаға жуық бақша дақылдарын жинап үлгерді.

Сонымен қатар, 357,4 ц/га өнімділікпен 385 мың тонна қырыққабат, 407,1 ц/га өнімділікпен 458,3 мың тонна пияз және 294,4 ц/га өнімділікпен 174,8 мың тонна сәбіз жиналды», – делінген хабарламада.

Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде және агротехникалық тұрғыдан оңтайлы мерзімде жүргізілуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button