Social

Астанаға тәжірибе алмасу үшін шетелдік дәрігерлер мен медагенттер келді

Астанаға халықаралық делегация құрамында дәрігерлер мен медагенттер келді. Топ құрамында Қытай, БАӘ, Үндістан, Малайзия және Индонезия елдерінен келген тәжірибелі дәрігерлер, сарапшылар және медициналық инфлюенсерлер бар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты

Медициналық мамандарға арналған ақпараттық тур елорда әкімдігінің және Astana Tourism туризмді дамыту орталығының бастамасымен ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, инфотурдың басты мақсаты – Қазақстанда медициналық туризмді дамыту.

Айта кетейік, 2024 жылы Астанада шамамен 4,5 мың шетелдік қонақ медициналық көмек алған. Олардың ішінде онкология, стоматология, кардиохирургия, нейрохирургия, репродуктивті медицина және чекап қызметтері ең танымал бағыттарға айналған.

Соңғы 15 жылда Астанада науқастарға жоғары мамандандырылған көмек көрсететін медициналық орталықтардың саны айтарлықтай артты.

Делегация халықаралық стандарт Joint Commission International (JCI) бойынша сертификатталған елорданың жеті клиникасына барады. Сонымен қатар, Астанада олар репродуктивті медицина мен ЭКО орталықтарының, жетекші пластикалық хирургия және премиум-сыныптағы стоматология клиникаларының, балаларды оңалту орталықтарының және сауықтыру мекемелерінің жұмысымен танысады.

Инфотур халықаралық ынтымақтастықты дамытуда маңызды қадам болып, Қазақстанның Орталық Азиядағы жоғары технологиялы әрі қолжетімді медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button