Education

Қазақстан құрамасы Францияда өткен физика олимпиадасында бес медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы әлемдік деңгейдегі зияткерлік сайыстарда жоғары нәтижелер көрсетуді жалғастыруда. Францияның Палезо қаласында өткен Физикадан халықаралық олимпиадада (International Physics Olympiad, IPhO-2025) ұлттық құрама бес медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

«Биылғы олимпиадаға 90 елден 400-ден астам дарынды оқушы қатысты. Қазақстан бұл жолы да үздіктер қатарынан көрініп, екі күміс және үш қола медаль иеленді», – делінген хабарламада.

  • Әмірбек Азатбеков — Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы;
  • Бекасыл Елубай — Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы;
  • Әмір Пшенбаев — Астана қаласындағы «Spectrum» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;
  • Нұргүл Егенбергенова — Астана қаласындағы NURORDA мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;
  • Артур Ким — Астана қаласындағы «Spectrum» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы.

Команданың ғылыми жетекшілері — PhD докторы, Сулейман Демирель университетінің ассистент-профессоры Самат Мақсұтов және халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Алишер Еркебаев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button