Politics

Үкімет биыл геологиялық барлауға 30 млрд теңге бағыттамақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес Үкімет жұмысының басым бағыттарының бірі ресурстық базаны кеңейту екенін атап өтті, деп хабарлайды Ukimet телеграм арнасы.

«Жер қойнауын геологиялық барлау көлемін арттыру үшін биылдан бастап қаржыландыру көлемін едәуір ұлғайтамыз. Біз жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру бойынша аукциондардан түсетін бонустардың қаражаттарын геологияны дамытуға бағыттау туралы шешім қабылдадық. Биыл бұл сома кемінде 30 млрд теңгені құрайды. Аталған қаржы көлемі әлі де арта түсетін болады. Қазіргі уақытта тиісті есептеулер жүріп жатыр», — деді Премьер-министр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button