Басты
Алматы облысында 100 жедел жәрдем көлігі сатып алынды
Жыл соңына дейін Алматы облысына жаңадан 100 жедел жәрдем көлігі сатып алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Алматы облысының жедел жәрдем қызметі күніне 3 мың қоңырауға дейін қызмет көрсетеді. Үлкен салмақ түсіп жатыр. Сондықтан облыс әкімі бригадаларды көбейту туралы шешім қабылдады. Жыл соңына дейін 100 жедел жәрдем көлігін қосымша жеткізу күтілуде. Оның 70-і лизинг арқылы және 30 автокөлік жергілікті бюджеттен алынды. Жеткізу келесі айда басталады», – деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов брифинг барысында. Сонымен қатар, жедел жәрдем көліктеріне өкпені жасанды желдетуге арналған 57 аппарат орнатылды.