Politics

Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша мәлімдеме жасады

Қазақстан ОПЕК+ Бірлескен министрлік мониторинг комитетінің кешегі 58-ші отырысы аясында ОПЕК+ келісіміне адалдығын растайды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі мәлім етті.

«Қазақстан 2025 және 2026 жылдары өз міндеттемелерін орындау және 2024 жылға артық өндірісті өтеу үшін қажетті шараларды қабылдайды.
Теңіз кен орнын кеңейту жөніндегі жобаның іске қосылуына байланысты биыл өндірістің ұлғаюына қарамастан, Қазақстан ОПЕК+ келісімі шеңберінде міндеттемелерді сақтаудың маңыздылығын растайды және халықаралық құқық шеңберінде әріптестермен келіссөздер жүргізетін болады» – делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button