Social

Астанада құны 346 млн теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару департаментінің Астана қаласы бойынша Есіл ауданы әкімдігінің хаттамасы негізінде ЖШС-нің жер учаскесін ұзақ уақыт пайдаланбауы бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді. Ауыл шаруашылығымен айналысуға арналған жер учаскесінің аумағы 6,4862 га құрайды, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

«Тексеру нәтижесінде ҚР Жер кодексінің 92-бабын бұзу фактісі расталды.

Астана қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен департаменттің талап арызы қанағаттандырылды, сот шешімі заңды күшіне енді» – делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button