SocialTech

Елімізде жұмысқа орналасуға және кәсіби дамуға көмектесетін Платформа іске қосылды

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ «Мансап компасы» атты жаңа платформаны іске қосты. Цифрлық шешім пайдаланушыларға еңбек нарығындағы өзекті трендтерді зерделеуге, әртүрлі кәсіптердің сұранысын салыстыруға және оңтайлы білім беру траекториясын таңдауға бірегей мүмкіндік береді, деп хабарлайды Еңбек министрлігінің баспасөз қызметі.

Платформа 2019 жылдан бастап қазақстандық еңбек нарығы туралы деректерді талдайды, бұл пайдаланушыларға өзгерістер динамикасын бағалауға және болашақ үрдістерді болжауға мүмкіндік береді.

Жобаның бір ерекшелігі – жұмыс іздеудің барлық негізгі платформаларын талдау. Бұл пайдаланушыларға ең көп сұранысқа ие кәсіптерді бағдарлауға және ең жақсы еңбек жағдайлары бар аймақтарды таңдауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге платформа жоғары оқу орындары, мамандықтар және мемлекеттік гранттар алу мүмкіндіктері туралы толық мәлімет береді.

Жобаны бастау үшін жоғары білім алуды талап ететін 400-ден астам кең таралған мамандықтарға терең талдау жүргізілді. Келесі кезеңдерде осындай жұмыс негізгі техникалық және жұмысшы мамандықтар бойынша, сондай-ақ қосымша білім беру саласында жүргізілетін болады.

2024 жылдың соңына қарай мамандықтар туралы деректерді дәлірек болжау және талдау үшін машиналық оқыту модельдерін енгізу жоспарлануда.

Порталда жаңа функционал пайда болады, мысалы, кәсіптер, білім беру бағдарламалары мен жұмыс орындары туралы ақпаратты сақтауға арналған мәліметтер базасы, сондай-ақ пайдаланушылардың дағдыларын бағалау және жақсарту құралдары.

«Мансап компасы» жобасының аудиториясы өз мансабын жоспарлауға және кәсіби дамуға мүдделі адамдардың әртүрлі санаттарын қамтиды. Бірінші кезеңде – мектеп түлектері мен студенттер. Олар үшін платформа сұранысқа ие мамандықтар, жоғары оқу орындарына түсушілерге қойылатын талаптар және гранттар алу мүмкіндіктері туралы ақпарат көзі бола алады, сондай-ақ таңдалған мамандықтың болашағын бағалау, тағылымдамадан өту және болашақ жұмысты іздеу үшін бірегей ақпарат береді», – деп атап өтті ЕРДО вице-президенті Шалқар Байқұлақов.

Сонымен қатар, Портал мамандығын өзгерткісі келетін адамдар үшін де өз пайдасын тигізбек. Өз дағдыларын талдауға, өзі үшін жаңа кәсіби мақсаттарды анықтауға және тиісті білім беру бағдарламаларын табуға мүмкіндік беру жоспарлануда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button