Agro

Қазақстанда 6,4 млн тонна астық бастырылды

Бүгінгі таңда 4,2 млн га дәнді дақылдар жиналды. Орташа өнімділік өнімділік 15,3 ц / га болғанда 6,4 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

«Мәселен, бидай 3 млн гектарға жуық алқапта жиналды, өнімділігі 15,0 ц / га 4,5 млн тонна, арпа – 926,7 мың га, өнімділігі 16,5 ц / га бастырылды 1,5 млн тонна, сұлы-36,1 мың га, өнімділігі 15,8 ц/га 57 мың тонна.

Картоп 25 мың гектар алқаптан 268,3 ц/га өнімділікпен 669,8 мың тонна жиналды, көкөніс дақылдары 62,2 мың гектардан 247,7 ц/га өнімділікпен 1,5 миллион тоннадан астам жиналды.

Бақша дақылдары 88,9 мың га алқаптан жиналды, өнімділігі 257,9 ц/га, жалпы алым 2,3 млн тоннадан асты.

Егін жинау науқанына 149,9 мың трактор, 37,6 мың астық жинайтын комбайн, 14,9 мың орақ және 195 мың бірлік басқа техника жұмылдырылды» – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 580 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылдармен салыстырғанда 3 есе көп.

Егін жинау науқанын өткізудің барлық мәселелері ерекше бақылауда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button