SocialБасты

Халыққа қызмет көрсету орталықтары карантин кезінде жұмысын жалғастырады

Халыққа қызмет көрсету орталықтары карантин кезінде жұмысын жалғастырады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жабылатындығы туралы жалған ақпараттың таралуына байланысты қызмет алуға жүгінетін азаматтардың саны күрт өсті. Азаматтарды дүрбелеңге берілмеуге шақырамыз. Ведомствоаралық комиссияның шешімімен ХҚО-лар шектеу шаралары енгізілгеннен кейін де санитарлық және дезинфекциялық талаптарды сақтай отырып, өз жұмысын жалғастырады», – делінген таратылған ақпаратта.

Корпорация мәліметінше, қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, халыққа қызмет көрсету орталықтарында қорғаныс шаралары қабылданған. Фронт-офис ғимараттарында азаматтардың жиналуын болдырмауға бағытталған жұмыстар қолға алынған.

«Бүгінде облыс орталықтарының, республикалық маңызы бар қалалардың және кейбір аудан ХҚО-ларында қызметтерді тек алдын ала брон жасау арқылы ғана алуға болады. Мұны egov.kz порталы, eGovKzBot2.0 телеграм-ботының көмегімен немесе 1414 қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы жасауға болады. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында электронды үкімет порталында қолжетімсіз, тек «қағаз» қызметтер (100-ден астам қызмет) көрсетіледі. Мұның бәрі азаматтардың көптеп жиналуын болдырмауға және вирус жұқтыру қаупін азайтуға бағытталған. Осыған байланысты, қазақстандықтарға, мүмкіндіктерінше, ХҚО-ға барудан бас тартуға және балама әдістерді қолдана отырып, қызметтерді онлайн алуға кеңес береміз, яғни. egov.kz порталын, eGovMobile мобильді қосымшасын немесе eGovKzBot2.0 телеграм-ботын қолдануға шақырамыз. Жақындарыңыз бен өз денсаулығыңызға сақ болыңыз«, – деп ескертеді корпорациядан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button