Social

«Қазатомөнеркәсіп» акцияларынан пайда табуға арналған платформаны іске қосу туралы ақпарат – фейк

Facebook әлеуметтік желісінде тараған видеода «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов 5 маусымда инвестиция салып, ақша табуға болатын платформаның іске қосылғанын айтады. Жаңа жобаны «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының үздік мамандары әзірлеген. Сайтта әрбір қазақстандық акциялар сатып алып, пассивті табыс таба алады екен. Бұл фейк жарнама, деп хабарлайды stopfake.kz

Бұл ақпарат ресми теріске шығарылды және «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының Telegram және Facebook парақшаларында жарияланды.

«Әлеуметтік желілердегі түрлі парақшалар мен алаңдарда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акциялары арқылы ақша табуға арналған инновациялық платформаны іске қосу туралы жалған бейнеролик таратылды.

Бұл – жалған ақпарат!

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бағалы қағаздары ҚР және Ұлыбритания қор биржаларының ресми тізімдеріне енгізілген. Оларды биржалардың қатысушылары – лицензияларға ие брокерлер арқылы ғана сатып алуға болады. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өз акциялары мен ЖДҚ-ға қатысты инвестициялық ұсынымдар бермейді.

Сізден қырағылық танытып, тексерілмеген ақпарат көздеріне сенбеуіңізді сұраймыз.

Компанияның барлық ресми мәлімдемелері, жаңалықтары мен оқиғалары қашанда тек компанияның https://kazatomprom.kz ресми сайтында және компанияның әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады», – делінген «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының ресми хабарламасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button