Басты
Тоқаев журналист Садықовқа жасалған қастандыққа қатысты тергеуді жіті бақылап отыр – баспасөз хатшысы
Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли, журналист Айдос Садықовқа жасалған қастандыққа қатысты тергеу амалдарын Мемлекет басшысы жіті бақылап отырғанын айтты.
«Мемлекет басшысы Киевте Қазақстан азаматы Айдос Садықовқа жасалған қастандыққа қатысты тергеу амалдарын жіті бақылап отыр.
Президенттің тапсырмасына сәйкес Қазақстанның құқық қорғау органдары қылмыстық істің мән-жайын анықтау үшін шұғыл шаралар жүргізіп жатыр. Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына күдіктілердің қазіргі мекенжайын анықтап, тиісті шаралар қабылдауды тапсырды», – деп жазды Берік Уәли.
Оның айтуынша, Қазақстан тарапы Украинаның құқық қорғау құрылымдарымен, оның ішінде Интерпол жүйесі бойынша бірлесе жұмыс істеуге дайын.