Мемлекеттік рәміздер күніне орай астаналықтарға 5 мың ту таратылды
«Рәміздерім – айбыным» акциясының алғашқы күні елорда тұрғындарының арасында 5 мың дана ту үлестіріліп, кәде сыйлықтар табысталды
Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мемлекеттік мекемесінің «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен ұйымдастырылған акцияның басты мақсаты – көпшілік арасында ұлттық құндылықтарымызды насихаттау.
Ұйымдастырушылар елорда әуежайы мен теміржол вокзалдарын, «Хан шатыр», KeruenCity, Mega Silk Way ойын-сауық орталықтарын, «Нұрлыжол» мен қаланың негізгі көшелерін, сондай-ақ қоғамдық көліктерді аралап, қала тұрғындарын мерекемен құттықтады. Бұл күні қала тұрғындары мемлекеттік рәміздер мен ұлттық құндылықтарға қатысты сұрақ-жауап форматындағы викториналық ойындарға қатысты. Ұшқыр ойлы, белсенді, тапқыр қатысушыларға 150-ге жуық кәдесый табысталды.
Айта кетерлігі, «Рәміздерім – айбыным» акциясы шеңберінде ашық аспан астындағы сахнада патриоттық әндер шырқалған концерт болып өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары өнер жұлдыздарымен қосыла ән шырқап, интерактивті ойындарда арнайы сыйлықтар ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.
Cуреттерге сілтеме https://disk.yandex.ru/d/ccGwXl1KhkS7JQ