Politics

«Бәйтерек» Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі жобаларын 1,6 триллион теңгеге қаржыландырды

Бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Карагойшин баяндама жасады. Отырыстың негізгі тақырыбы еліміздің өңдеу өнеркәсібін дамыту болды.

Ұсынылған деректерге сәйкес, «Бәйтерек» және оның еншілес ұйымдары, соның ішінде «ҚДБ» АҚ, «ӨДҚ» АҚ, «QIC» АҚ, «Даму» КДҚ» АҚ және «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі (KazakhExport)» АҚ бүгінгі таңда 1,6 триллион теңге сомасына 4,6 мың жобаны қаржыландыра отырып, салаға кешенді қолдау көрсетуде.

Нәтижелерді нақтылай келе, Рустам Карагойшин еншілес құрылымдардың негізгі үлестерін атап өтті:

  • Қазақстанның Даму Банкі (ҚДБ) 62 жобаны іске асыруға 824,6 миллиард теңге бөлді.
  • Өнеркәсіпті дамыту қоры (ӨДҚ) жалпы сомасы 204,9 миллиард теңгеге 41 лизингтік мәмілені қаржыландырды.
  • QIC, тікелей инвестициялар қоры 20 миллиард теңге бөліп, 7 жобаға қолдау көрсетті.
  • Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі сақтандыру және экспорт алдындағы қаржыландыру құралдары арқылы 465,8 миллиард теңге бөліп, 122 экспорттаушыға қолдау көрсетті.
  • Даму кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 751 миллиард теңге сомасына 5,6 мың жобаға қолдау көрсетті.

«2023 жылдың қорытындысы бойынша өңдеуші өнеркәсіпте қолдау көрсетілген кәсіпорындар 3,9 трлн теңге сомаға өнім сатқан, бұл өңдеу өнеркәсібінің өндірілген өнімдерінің жалпы көлемінің 18%-ын құрайды. Қолдау тапқан кәсіпорындардың шикізаттық емес экспортқа қосқан үлесі 12%-ды құрады», – деді Холдинг басшысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button