Eco

Ресейден келген тасқын суының 80 млн текше метрі Қамыс-Самар көлдеріне жіберілді

Ресейден келген тасқын суының 80 млн текше метрі Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар көлдеріне жіберілді. Бұл көлдерге соңғы 20 жыл бойы су бармаған, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі.

Тасқын суын көлдер жүйесіне жіберу жұмысын жергілікті «Қазсушар» филиалының мамандары жүргізуде. Қамыс-Самар көлдері киіктер мен басқа да жануарлардың көшу жолындағы табиғи суат көзі болып табылады.

Батыс Қазақстан облысындағы судың негізгі көзі – Жайық өзені. Аталған өзен арқылы келген тасқын суы су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» мекемесіне тиесілі Жайық-Көшім суару-суландыру жүйесінде жиналады.

«Сонымен қатар, «Қазсушар» мамандары соңғы жылдары кеуіп қалған Еділсор, Жалтыркөл, Бірқазан, Соркөл, Салтанат және басқа да су айдындарына су жібере бастады. Сондай – ақ, Балқаш көліне, Каспий теңізіне су жіберу жұмысы жалғасып жатыр», – деді су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

Басқа жаңалықтар

Back to top button