Politics

Құрылыс кодексі жобасының аясында цифрлық сертификаттау енгізілмек

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің 7 ақпандағы кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында министрлік Құрылыс кодексінің жобасымен белсенді жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды  ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі.

Құрылыс кодексінің жобасында цифрландыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген, яғни цифрлық шешімдер жобалау алдындағы дайындықтан бастап оны пайдалануға дейінгі құрылыстағы қызметтің барлық дерлік салаларын қамтитын болады.

Осылайша, Құрылыс кодексінің жобасында ұсынылған жаңалықтардың бірі – E-Qurylys ақпараттық жүйесінің алаңында тестілеу рәсімін өткізу – құрылыс саласының мамандарын сертификаттау және тізілімді автоматты түрде жүргізу.

Басқаша айтқанда, инженерлік-құрылыс қызметінің білім базасына сарапшылар мен инженерлік-техникалық қызметкерлерді тексерудің қолданыстағы жүйесі аттестаттаудан өткен сарапшылардың біліктілік дәрежесін жеткілікті тиімді көрсетпейді. Сондықтан, халықаралық тәжірибені зерделеу шеңберінде ұлттық заңнаманың ерекшеліктерін ескере отырып, Еуроодақтың табысты практикасына ұқсас құрылыс саласының инженерлерін сертификаттауды енгізу жоспарлануда. Егер бұрын аттестаттау «инженерлік-техникалық қызметкерлерді аттестаттау орталығында» жеке нысанда өрескел бұзушылықтар, аттестаттарды «сатып алу» фактілерімен өткен болса, ұсынылған редакцияда цифрлық сертификаттау адами фактордан арылуды көздейді.

Сондай-ақ, цифрландыру жөніндегі жұмыстар шеңберінде жобалау жөніндегі жұмыстардың сапа деңгейін арттыруды қамтамасыз етуге тиіс құрылыс объектілерін ақпараттық модельдеу (BIM-технология) міндеті заңнамалық түрде бекітіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button