Business

Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту

Еліміздің барлық 20 өңірінде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары (ӘКДО) құрылды. Олар «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палаталарының алаңында қызмет етуде, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

Орталықтар әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мен қолдауға бағытталған. Мұнда іскер әйелдер қауымының стартаптарды ынталандыру мен жұмыс істеп тұрған бизнестің экономикалық белсенділігін арттыру сынды қызметтерді алуға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар олар оқыту бағдарламаларына қатыса алады.

Қазіргі уақытта ӘКДО қызмет көрсетудің кең спектрін ұсынуда:

  • кеңес беру (әйелдердің қажеттіліктерін анықтау)
  • бизнес және дәстүрлі қолөнер түрлерін оқытуды ұйымдастыру (Қазақстан қолөнершілер одағының ұсынысы бойынша)
  • тәлімгерлік
  • қаржыландыру көздерін тарту (краудинвестинг, инвестиция, гранттар мен лизинг)
  • әйелдер кәсіпкерлігі өкілдерінің халықаралық жобаларға қатысуына жәрдемдесу жөніндегі қызметтер
  • бизнес шолу жүргізу
  • «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында жергілікті шикізаттан жасалған өнімді жылжыту мен әзірлеу жөніндегі қызметтер

Аталған қызметтер облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада, сондай-ақ аудан орталықтарына барып көрсетіледі.

2023 жылдың қорытындысы бойынша:

  • 13 539 қызмет көрсетілді
  • 8 744 консультация берілді
  • 2 485 адам кәсіпкерлік негіздерін меңгеру бойынша оқыды
  • 100 кәсіпорын бизнес шолумен қамтылды
  • 309 кәсіпкер әйел қаржыландыру көздерін тарту бойынша біліктілігін арттырды

Халықаралық жобаларға 1 мыңнан астам кәсіпкер әйел қатысты

Басқа жаңалықтар

Back to top button