SocialБасты

Елорда журналистері волейбол алаңында бас қосты

Демалыс күндері ел ордасында БАҚ және медиа-компаниялар қызметкерлері арасында «PRESS CUP-2023» волейбол турнирі өтті.

Cпорттық жарысқа «INBUSINESS», «Jana-kezen», «Kaznovosti» ақпараттық порталдарының, «Хабар» телеарнасының, «ATAMEKEN BUSINESS» медиа-холдингінің командалары, сондай-ақ ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі мен «Қазмедиа» және «Қазақ радиолары» құрама командалары белсенді атсалысты.

Топтық кезең ойындары жоғары деңгейде өтті. Бұл спортқа деген құштарлықты ғана емес, қатысушылардың кәсіби көзқарасын да көрсетті.

Финалдық бәсекеде ҚР Қаржы министрлігінің «QARJY PRESS» командасы керемет командалық ойын көрсетіп, лайықты жеңіске жетті. Ал жүлделі екінші орынды «Jana-kezen» ақпараттық порталы, қола кубокты «Atameken Business» медиа-холдингінің командасы қанжығылады.

Айта кетерлігі, мұндай топтық сайыстар дәстүрлі түрде бірнеше жыл бойы өткізіліп келеді. Басты мақсат – журналистер мен редакциялардың шығармашылық ұжымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Іс-шараның бас серіктесі Орта Азиядағы ең ірі мыс өндіруші компаниялардың бірі – «KAZ Minerals Managment» ЖШС.

Басқа жаңалықтар

Back to top button