Қазақстан ИЫҰ елдерінің азық-түлік қауіпсіздігіне елеулі үлес қосуға дайын
Азық-түлік қауіпсіздігі, климаттың өзгеруі, жаһандық дағдарыстар және еларалық кооперацияға қажеттілік 2023 жылғы 2-3 қазанда Катардың Доха қаласында өткен Ислам ынтымақтастық ұйымының (ИЫҰ) азық-түлік қауіпсіздігі және ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі 8-ші министрлік конференциясының және Азық-түлік Қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының (АҚИҰ) 6-шы Бас Ассамблеясының басты месседждеріне айналды. Ислам мемлекеттері кездесулерінің жұмысына ҚР Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин қатысты. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жыл сайынғы өзекті мәселе, мемлекетаралық өзара іс-қимылдың басым бағытына айналған. Тиімді ынтымақтастықты құру халықаралық ұйымдарға ерекше рөл беріледі. Сондықтан ортақ іске қосқан үлесі ретінде Қазақстан Республикасы Азық-түлік Қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымы (АҚИҰ) құруға бастамашы болды, оның қызметі азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы қазіргі заманғы сын-қатерлер мен мәселелерді шешуді қатысушы елдерді шоғырландыруға бағытталған. Қазіргі уақытта 41 мемлекет АҚИҰ мүшелері болып табылады, олардың 18-і, соның ішінде Қазақстанды қоса алғанда, Ұйымының Жарғысын ратификациялады.
Қазақстандық тарап АҚИҰ-ның барлық қатысушыларының назарын аудару және күш-жігерін біріктіру қажет деген ұсыныстарды айтты. Бұл көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту және азық-түлік тауарларын жеткізудің жаңа бағыттарын қалыптастыру, инвестициялық ынтымақтастықты арттыру, ауыл шаруашылығында су ресурстарын тиімді пайдалану және мұқтаж жандарға белсенді гуманитарлық көмек көрсету. Өз тарапынан Қазақстан Ислам ынтымақтастық ұйымының белсенді және жауапты мүшесі, экологиялық таза аграрлық өнімді ірі өндірушілер мен экспорттаушылардың бірі бола отырып, ИЫҰ кеңістігіндегі азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешуге елеулі үлес қосуға дайын.
Сонымен қатар Серік Жұманғарин Қатарда, Таяу Шығыста және Солтүстік Африкада тұңғыш Дүниежүзілік бау-бақша көрмесі болған «ЭКСПО Доха 2023» халықаралық көрмесінің ашылуына қатысты.
Көрменің тақырыбы – «Жасыл шөл, ең жақсы қоршаған орта» халықаралық қауымдастықты шөлейттену салдарын жеңілдету бойынша инновациялық шешімдерді зерттеуге және қабылдауға халықаралық қоғамдастықты ынталандыруға бағытталған. Дохадағы EXPO2023 2023 жылдың 2 қазанынан 2024 жылдың 28 наурызына дейін алты айға созылады.