EconomyБасты

Ұлттық экономика министрлігі: Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары 120 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді

ҚР ҰЭМ Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің директоры Нұрбол Жанабеков Министрлік жүзеге асырып жатқан мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді.

«Бизнестің жол картасы» (2010-2023 жж) және «Қарапайым заттар экономикасы» (2019-2023 жж) бағдарламаларын іске асыру басталғаннан бері:

субсидиялау бойынша шамамен 7 трлн. теңгеге кредиттік портфель сомасына 95 мыңнан астам жоба қолдау тапты

кепілдік беру шеңберінде 1,4 трлн. теңге кредиттік портфель сомасына 57 мыңнан астам жоба қолдау тапты

«Қаржы құралдарының әлеуметтік-экономикалық әсері туралы айтар болсақ, осы бағдарламалар іске асырыла бастағалы 120 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды, 53 трлн. теңгеден астам сомаға ШОБ өнімі шығарылды және бюджетке жалпы сомасы 3,4 трлн. теңгеге жуық салық төленді», – деді ол.

2012-2023 жылдар аралығында кәсіпкерлер үшін 17,6 млрд. теңге сомасына 5,6 мыңнан астам грант берілді. Ұлттық жобаны іске асыруға биыл барлығы 224 млрд.теңге бөлінді.

Егер сіз өз ісіңізді бастауды шешсеңіз, кімге жүгінесіз?

Ұлттық экономика министрлігі «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп бірқатар қаржылық емес қолдау шараларын іске асырады, олардың арасында «Сервистік қолдау», «Ақпараттық-консультациялық қызметтер» сияқты құралдар бар, бұл қолдау шараларын өңірлік кәсіпкерлер палаталары жанындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарынан, сондай-ақ қаржылық емес қолдау операторының веб-порталы арқылы алуға болады www.g4b.kz.

«Қаржылық және қаржылық емес қолдау шаралары жетілдіріліп, кеңейтілуде. Қазіргі уақытта Министрлік кредиттеудің ең жоғары сомасын, экономиканың басым салаларын, номиналды сыйақы мөлшерлемесін, кепілдіктер мөлшерін және басқаларын қайта қарау мәселесін пысықтауда», – деп түйіндеді Н.Жанабеков.

Басқа жаңалықтар

Back to top button