AgroБасты

Егін жинау жұмыстарына бөлінген дизель отынының құны 15 пайызға арзан – министр

Егін жинау жұмысына 426 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер егін жинау жұмыстарын уақтылы жүргізу үшін 426 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Оның ішінде 58 мың тонна азық дайындау жұмыстарын жүргізу үшін берілді. Дизель отынының бұл көлемі Энергетика министрлігімен келісіліп, бекітілген. Барлық шығыстарды ескере отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін орташа баға литріне 250 теңгені құрайды, бұл нарықтық бағадан 15%-ға төмен», – деп тоқталды Ербол Қарашөкеев.

Еске салайық, биыл 24 млн гектар алқаптан ауыл шаруашылығы дақылдары жиналады. Бүгінде оның 2,4 млн гектарынан өнім алынды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button