PoliticsБасты

Президент ұлт қаһармандары монументіне және Хо Ши Миннің мавзолейіне гүл шоғын қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапары Ба Динь алаңында орналасқан ұлт қаһармандары монументіне және Хо Ши Миннің мавзолейіне гүл шоғын қоюдан басталды.

1945 жылы 2 қыркүйекте Хо Ши Мин осы алаңда Вьетнамның тәуелсіздігін жариялады.

Президент Вьетнамның бостандығы үшін күресте қаза тапқан батырлардың және осы елдің ұлт көшбасшысы Хо Ши Миннің рухына тағзым етті.

Гүл шоғын қою рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясы қатысты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button