PoliticsБасты

Әскери қызметшілер ұшқышсыз басқарылатын құрылғының көмегімен қарасора плантацияларын анықтады

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы Sky lark ұшқышсыз ұшу аппараты есептобының көмегімен Жамбыл облысында қарасора өсіретін жерді анықтады.

«Қарасора-2023» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар есептобы Жамбыл ауданы Бесжылдық ауылының аумағын зерттеп көрді. Тұрғын үйлердің бірінен әскери қызметшілер қарапайым үй бақшасынан ұқсамайтын жерді тапты.

– Плантацияның тормен бүркемеленуіне байланысты оны анықтау күрделілеу болды, – деп түсіндірді ҰҰА есептобының командирі аға лейтенант Бауыржан Атымтаев. – Дәлірек ақпарат жинау үшін біз аппаратты 250-ден 150 метрге дейін төмендеттік, суретке түсірдік және учаскенің координаттарын құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне бердік.

Учаскенің орналасқан жері туралы нақты деректерді алғаннан кейін ІІМ, Жамбыл облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының өкілдері және Ұлттық ұланның әскери қызметшілері аумақты және шаруашылық құрылыстарды тінтіп, үй иесінен табылған қарасораны тәркілеген.

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев әскери ұшқышсыз ұшу құрылғыларын қолдану арқылы ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігі өткен жылы аталған есептоп қатысқан «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шаралары кезінде дәлелденгенін атап өтті. Бұл құрылғылар қарасора өсірілетін және оның заңсыз дайындайтын жетуі қиын құмды аймақты зерттеуге мүмкіндік береді.

Осы маусымда «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімінің әскери қызметшілері мұндай заңсыз жолмен қарасора өсіріп-жинайтын орынды үшінші рет нәтижелі анықтап отыр.

11 тамыз 2023

Әскери-әуе күштері С-295MW әскери-көліктік ұшағымен толықты

10 тамыз 2023

Армиялық тактикалық атыстың үздіктері анықталды

10 тамыз 2023

Қарулы күштердің әскери қызметшілері Абай мұрасына құрмет көрсетуде

10 тамыз 2023

Қорғаныс министрлігінің комиссиясы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша 70-ке жуық ұсыныс дайындады

09 тамыз 2023

Әскери қызметшілер аты аңызға айналған ұшқыштың 101 жылдығына орай 10,1 шақырым жүгіреді

Басқа жаңалықтар

Back to top button