EconomyБасты

Республикалық бюджеттің тапшылығы 1,5 трлн теңге жақындады

Республикалық бюджеттің тапшылығы 1,5 трлн теңге жақындады. Бұл жайында Ұлттық экономика министрлігінің 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер туралы анықтамасында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2023 жылғы қаңтар-мамырда мемлекеттік бюджетке 9 трлн 942,6 млрд теңге түскен. Оның ішінде трансфертті есепке алмағандағы кірістер – 8 трлн 29,1 млрд теңгені құрады. Шығыстар 10 трлн 594 млрд теңге болды. Оның ішінде шығындар – 9 трлн 997,9 млрд теңге болса, тапшылық – 651,4 млрд теңгеге жетті», – деп жазылған құжатта.

Ал республикалық бюджетке 7 трлн 568,9 млрд теңге түсім кіріп, 9 трлн 51,8 млрд теңге шығыс шыққан. Оның 1 трлн 482,9 млрд теңгесі – тапшылық.

«1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік борышы 26 418,9 млрд теңгені (59 млрд АҚШ доллары) немесе болжамды ЖІӨ-нің 21,9%-іне тең болды. Мемлекеттік борыштың 86%-ін Үкіметтің борышы (22 718 млрд тг немесе болжамды ЖІӨ-нің 18,8%) алып отыр.1 сәуірдегі жағдай бойынша кепілдіктер мен кепілгерліктерді қоса алғандағы мемлекеттік борыш 2023 жылдың басымен салыстырғанда 4,1% ұлғайып, 27 трлн 728,4 млрд теңгеге жетті. Оның ішінде ішкі борыш – 18 013,4 млрд теңге немесе болжамды ЖІӨ-нің 14,9%-іне, сыртқы борыш – 9 трлн 715 млрд теңге немесе 8,1%-іне тең», – делінген министрлік мәліметінде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button