Басты

Елордада 500-ге жуық иесіз желі қаланың балансына алынды – А.Көлгінов

Бұл қала тіршілігін тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету нысандарында коммуналдық апаттардың болу себептерінің бірі – иесіз, қараусыз қалған желілер.

Себебі оларға тиісті күтім жоқ, әрі іс жүзінде ешбір есепке алынбаған, деп жазды бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов instagram парақшасында.

«Өткен жылдан бастап иесіз, қараусыз қалған желілер мен нысандарды қала балансына қабылдау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз. Егер өткен жылы 680 желі анықталса, қазір оның 498-і иелікке алынды. Қалғандары бойынша жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Иесіз қалған желілердің арасында электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, кәріз және т.б. желілері бар», – деп жазды А.Көлгінов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button