FinanceБасты

Прокурорлар мемлекетке 8 млрд теңгенің салығын қайтарды

Алматы қаласының прокуратурасы талдау барысында, «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС (бұдан әрі – ЖШС) салықты төмендету фактісін анықтады, деп хабарлайды Бас  прокуратураның баспасөз қызметі.

Аталған салық төлеуші жыл сайын KAZ Minerals Aktogay Finance Limited холдингтік компаниясына дивидендтер төлегені белгілі болды.

«Салық заңнамасының талаптарына сәйкес құн өсімінен түскен табыстар, дивидендтер, сыйақылар, роялти төлем көзінен 15% мөлшерлемесі бойынша салық салуға жатады.

Алайда, салық есептілігін зерттеу, ЖШС жыл сайын 2018-2022 жылдар аралығында талап етілетін 15% -дың орнына 10% мөлшерлемесі бойынша салық ұстап, резидент емеске қатысты сыйақы төлегенін көрсетті.

Прокуратураның талабы бойынша салық органы ЖШС қызметінде корпоративтік табыс салығын есептеу мен төлеудің дұрыстығын тексеру жүргізді. Аталған фактілер расталды, сондықтан 8,2 млрд теңге көлемінде қосымша салық есептелді» – делінген хабарламада.

Салық төлеуші көрсетілген соманы мемлекет кірісіне толық көлемде төледі. Мемлекет мүддесі қорғалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button