Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында астық экспорты туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстанның өз астығы өзіне толық жетеді. Қалған ауқымды бөлігін экспортқа да шығарады. Биыл Қазақстан бидайы Қытай Халық Республикасына жеткізіле бастады», – деді ол.
Ә.Смайылов астық дұрыс шықпай қалған күннің өзінде диқандар ішкі қажеттілікті артығымен орындайтынын атап өтті.
«Мысалы, ауа райы қолайсыз болып, астық шықпай қалған күннің өзінде біздегі ішкі қажеттілік ең аз жиналатын көлемінен 2 есе төмен екенін айта кету керек. Яғни, астықтың көлемі елдегі ішкі сұраныс пен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге толық мүмкіндік береді», – деді Үкімет басшысы