Астана мектептерінде қорытынды емтихандар қашан өтеді?
Биыл қала мектептерінде оқу сабақтары 31 мамырда аяқталады. 9 және 11-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандар қандай күндерге белгіленді, онлайн-брифингте Астана қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаев мәлім етті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
Осы оқу жылында 9-сыныпты 18 443 оқушы, 11-сыныпты 9 539 оқушы аяқтайды.
9 (10) сынып оқушыларының қорытынды қорытынды емтихандары осы жылдың 2-13 маусымы аралығында өтеді.
Олар әр түрлі күндерде төрт пән бойынша өткізіледі.
2 маусымда эссе түрінде қазақ тілі бойынша жазбаша емтихан тапсырылады;
6 маусым – математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан;
9 маусым – Қазақ тілі мен әдебиетінен орыс тілінде оқытатын сыныптарда, орыс тілі мен әдебиетінен қазақ тілінде оқытатын сыныптарда жазбаша емтихан;
13 маусым – таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, Дүниежүзілік тарих, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), Информатика).
11 (12) сынып оқушыларына арналған мемлекеттік қорытынды емтихандар 5-19 маусым аралығында бес пән бойынша өтеді:
«Қазақ тілі», «Орыс тілі» пәндері бойынша жазбаша емтихан – 5 маусым;
«алгебра және талдау» пәні бойынша жазбаша емтихан – 8 маусым;
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша ауызша емтихан – 12 маусым, билеттер бойынша;
орыс тілінде оқытатын мектептерде «қазақ тілі мен әдебиеті», қазақ тілінде оқытатын мектептерде «орыс тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша жазбаша емтихан – 15 маусым.
таңдау бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзілік тарих, құқық негіздері, әдебиет, шет тілі (ағылшын/ француз/ неміс), информатика) – 19 маусым.
«11-сыныптың емтихан материалдары әрбір білім беру ұйымына электронды форматта емтихан өткізілетін күні сағат 7.00-де Бірінші басшының электрондық поштасына жіберілетін болады», – деп хабарлады басқарма басшысының орынбасары.