Tech

Цифрлық даму министрлігі жанындағы ведомствоаралық комиссия әлеуметтік салаларды цифрландыру мәселелерін қарады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде Бағдат Мусиннің төрағалығымен ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі.

Отырыста Маңғыстау және Түркістан облыстары әкімдіктерінің өткен кездесулерде көтерген мәселелері қаралды. Айта кету керек, кейбір мәселелердің шешілу жолдары бүкіл елге жаппай таралды.

Осылайша, Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдыру құқығы бар азаматтарды автоматты түрде хабарландыру тетігі іске қосылды. Оларға SMS-хабарламалар тәжірибелік форматта жіберіледі және бұл ретте, уәкілетті органдарға барып ақпарат жинаудың қажеттілігі жоқ. Осылайша, тиісті тізілім жасалып, осы санаттағы 300 мыңға жуық әскерге шақырылған азаматқа хабарламалар жіберілді. Болашақта бұл үдеріс әскерге шақыру комиссияларын автоматтандыруға дейін жетілдірілетін болады.

Сонымен қатар, қазақстандықтар қорғаншылық және қамқоршылық туралы анықтаманы eGov платформасы мен eGovMobile қосымшасы арқылы 30 минут ішінде ала алатыны белгілі болды. Бұл туралы ведомствоаралық комиссия барысында Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері хабарлады. Болашақта мұндай анықтама сол қосымшадағы цифрлық құжаттар тізіміне қосылуы мүмкін.

Отырыс барысында жаңа үдерістер де талқыланды. Мысалы, педагогтарды аттестаттау үдерісін электронды форматқа көшіру. Педагогтарды аттестаттаудан өткізу бизнес-үдерісін реинжинирингілеу және оңтайландыру шеңберінде комиссиялардың жұмысы мен тестілеуді қоса алғанда, педагогтарды аттестаттаудың барлық үдерісін автоматтандыру жоспарлануда.

Бұл қызметтерді көрсету мерзімдерін және құжаттар пакетін оңтайландыруға, тиісінше, падагогтарға, басшылыққа және білім беру ұйымдарына түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Оқу-ағарту министрлігі Цифрлық даму министрлігінің қатысуымен жақын арада техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың электронды көшірмелерін беруді тез арада бастауды жоспарлап отыр. Осыған ұқсас мәселе Ғылым және жоғары білім министрлігімен де пысықталуда.

Сонымен қатар, мектептерде оқушыларды жеңілдікпен тамақтандыру кезінде анықтама беруді болдырмау үшін көпбалалы отбасылар туралы мәліметтер бойынша ведомстволық ақпараттық жүйелерді біріктіру жұмыстары аяқталды

Осы және басқа да мәселелер, соның ішінде қала құрылысы саласына қатысты мәселелер ведомствоаралық комиссияда қаралды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button