EconomyБасты

Еліміздің жаңа экономикалық бағытының негізгі бағдарлары айқындалмақ

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов қазіргі уақытта 2025 жылға дейінгі Cтратегиялық даму жоспарының жаңа редакциясы жазылып жатқанын мәлім етті. Осылайша еліміздің жаңа экономикалық бағытының негізгі бағдарлары айқындалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Экономиканың одан әрі бағытының маңызды бөлігі кәсіпкерлікті дамытудың «жаңа күн тәртібі» болады. Бұл ең алдымен – реттеушілік апелляция институтын енгізу. Кәсіпкерлер мен бизнес-қауымдастықтардың шағымдары бойынша апелляциялық тәртіппен орталық және жергілікті атқарушы органдар актілерінің күшін жою немесе тоқтата тұру тетігін енгізу ұсынылады. Яғни, бизнеске кедергі келтіретін шешімдер тез жойылуы немесе түзетілуі мүмкін», – деді Руслан Дәленов Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, сонымен бірге бақылау мен қадағалаудан түсетін жүктемені төмендету көзделген. Бұл жоспарлы тексерулерден «кәсіпорындарды диагностикалауға» көшуге мүмкіндікті береді.

«Бизнестің мұндай диагностикасы жауапкершілікке тартпай жүргізілетін болады. Жоспарлы тексерулер санын азайтуға мүмкіндік береді. Нарыққа кіруді жеңілдету үшін лицензиялар мен рұқсаттарды максималды қысқарту бойынша жұмыс жүргізіледі. Қызметтерді цифрландыру шеңберінде бизнес үшін барлық қызметтерді электрондық нысанда толық қамтуды қамтамасыз ету ұсынылады», – деді ол.

Министр бұдан бөлек мемлекеттік қолдаудың қаржылық шараларын жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғасатынын жеткізді.

«Шағын және орта бизнес пікір «жетекшілерімен» тікелей өзара іс-қимыл күшейтіледі. Жаңа орта мерзімді шараларды іске асыру кәсіпкерліктің сапалы және тұрақты дамуын қамтамасыз етеді», – деп түйді Руслан Дәленов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button