Social

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары құрылыстарға сынақтар жүргізудің тәжірибесімен бөлісті

Таяуда Бішкек қаласында сейсмикаға төзімді құрылысқа арналған IV халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіліп, оның жұмысына Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының өкілдері қатысты, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.

Аталған жиын Сейсмикаға төзімді құрылыс жөніндегі халықаралық сарапшылар қауымдастығының ( СҚХСҚ) бастамасымен ұйымдастырылғанын айта кеткен жөн.

Конференцияның барысында «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ның өндіріс жөніндегі басқарушы директор Ералы Шоқбаров пен «Жоғары қабатты ғимараттардың сейсмикаға төзімділігі» зертханасының меңгерушісі Жасұлан Омаров баяндама жасады. Сондай-ақ іс-шара кезінде ғимараттар мен құрылыстарды сынақтан өткізу, оның ішінде биік ғимараттарды жобалау тәжірибесі бойынша біраз пікір айтылды.

Бұған қоса халықаралық жиынның аясында пленарлық отырыстар өткізіліп,  ғылыми қауымдастықтың назарына сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы ғылыми-тәжірибелік шешімдер ұсынылды.

Естеріңізге сала кетейік, 3-ші сәуірде Сейсмикаға төзімді құрылыс жөніндегі халықаралық сарапшылар қауымдастығының кеңсесінде Сейсмикаға төзімді құрылыс және инженерлік жобалау мемлекеттік институтының, «ПРОМПРОЕКТ» ААҚ-ның, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ның, сондай-ақ «Ария KZ» ЖШС-нің өкілдері мен Қазақстан, Өзбекстан және Ресейдің ғалымдарының қатысуымен кездесу өткен болатын. Осы кездесудің барысында Бішкектегі «Пик Победы» әмбебап кешенінің жобасы таныстырылды.

Өз кезегінде «ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары құрылыстарға, оның ішінде сейсмикалық аудандардағы биік ғимараттарды жобалауға байланысты динамикалық сынақтар жүргізудің көпжылдық тәжірибесімен бөлісті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button